СӨЗ ҚУАЛАҒАН ПӘЛЕГЕ ЖОЛЫҒАР

Қуалап сөзді пәле іздеп неге жүреміз?
Болсыншы көмек оқыған уағыз, сүреңіз.
Жоқ жерден тауып кемшілік іздеу мода ма?
Жақсылық қана еліңе молдау тілеңіз.
Қағытып бірді жүрсеңіз Сізге жеңіл ме?
Білмейтін шаршау, жүрегіңіз темір ме?
Ғайбат айтуға құмартып неге жүресіз?
Білсеңіз оның кедергісі көп өмірде.
Осылай десем райыңыздан Сіз қайтарсыз,
Кеттім деп артық рахметті мүмкін айтарсыз.
Абайлап қана сөйлеуге үйрен, досым-ау,
Жазарда жазба ойланып әркез байқарсыз…
Қыстырма сөздің пайдасы елге шамалы,
Айтады оны құрыған адам амалы.
Тырнақ астынан кір іздей берсең, досым-ау,
Жүрерсің жырақ бұзып ап түзу араны.
Жазамын өлең түсінсін әркім ойлансын,
Күнәһар болып артық сөз айтып қоймасын.
Адамның күні адаммен ғана емес пе?
Татулығыңыз өз қасиетін жоймасын…

Авторы Сауле Алимбаева