Сөзден – іске көшудің нақты үлгісі

Жолдау аясында Қазақстанның жалпы жүйелік трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағыты белгіленгені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформаның ең алдымен Президенттің өкілеттіктері қайта қараудан басталатынын ескертіп, тұтас биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту, сайлау процесін жаңғыртатын шешімдер қабылданатынын атап айтты.

Сондай-ақ құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар – яғни қоғамның және елдің өміріне жан-жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта бастаудың амбициялық мақсаттары айқындалды. Енді іргелі өзгерістерге құқықтық негіз беретін конституциялық өзгерістер орын алмақшы. Ал бұл өзгерістер жалпыұлттық референдумда бекітілетін болады.

Елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың іс жүзіндегі нәтижесіне халық куә. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық дамуға негіз болатын, партиялардың тең бәсекелестік жағдайда дамуына жол ашып, партияға мүшеліктен бас тартты.

Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер етеді және саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасайтыны анық.

Жалпы елдегі саяси жүйедегі өзгерістердің мемлекеттің дамуына оң ықпал етеріне сенім мол. Басқару жүйесі өзгерсе, экономикда серпіліс пайда болып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсаратыны сөзсіз. Сондықтан Жаңа Қазақстандағы жаңа жүйеге үлкен үміт артамын.

Қорыта айтқанда жалпыхалықтық референдум Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі айқын көрінісі әрі еліміздегі демократиялық құндылықтардың нығайғандығының жарқын дәлелі. Сондықтан мұндай жауапты науқаннан шет қалмауға тиіспіз. Себебі елдігіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі саналатын Ата заңдағы әрбір өзгеріс біздің кемел келешегіміздің кепіл болмақ. Сол үшін баршаңызды 5-маусым күні жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырамын.

 

Талғат Ешенқұлов,

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік

университінің басқарма төрағасы-ректор