СПОРТ САЛАСЫ

Биыл Аса ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. (жоба құны – 514,1 млн теңге).
Аудан бойынша 41 шағын футбол алаңы, 21 балалар ойын алаңы мен 16 жаттығу алаңшасы бар. Өткен жылы 5 шағын футбол алаңы, 2 балалар ойын алаңы, 1 жаттығу алаңшасы орнатылып, 2 шағын футбол алаңына жасанды төсем төселді (58,5 млн). Аса ауылындағы орталық стадион 23,7 млн теңгеге жөндеуден өткізілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Бесжылдық ауылынан футбол алаңының құрылысы жүргізілді (21,7 млн). Аудандық бюджет есебінен Аса ауылындағы Мұратбаев көшесінен жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы (4,6 млн), Бесағаш ауылынан балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы (11,9 млн), Гродеково ауылынан шағын футбол алаңы (4,3 млн), Қоңыртөбе ауылынан шағын футбол алаңы (4,9 млн), Бәйтерек ауылынан шағын футбол алаңы (4,3 млн) орнатылды. Өрнек ауылындағы шағын футбол алаңына (3,9 млн) және Аса ауылындағы шағын футбол алаңына жасанды төсем (2,9 млн) төселді.
Қосымша, Айшабибі, Гродиково, Приго­родное, Жалпақтөбе, Шайқорық ауылдарынан спорт нысандарының құрылысына тиісті құжаттары әзірленуде (23 млн теңге).

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі