«СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАР»
«Орталық саябақта» Қазақстан кәсіподақтарының құрылғанына 120 жыл, ҚР Кәсіподақтары Федерациясының құрылғанына 35 жыл және «Жұмысшы мамандықтарды қолдау жылына» арналған білім қызметкерлерінің Т.Рысқұлов аудандық комитеті филиалының «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ» атты ІХ аудандық спартакиадасы өткізілді. Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік әріптестік қағидасы мен тұжырымын бекіте түсу, еңбекшілер арасында науқастану деңгейін төмендету мен еңбекке қабілеттілікті арттыру, бұқаралық-спорттық шараларын жетілдіру, кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту мақсатында өткізілген спартакиадаға 28 білім ұйымы қатысты. Оның ішінде 2 балабақша, 3 қосымша білім беру мекемесі, 1 арнайы білім беру мекемесі, 22 орта мектеп ұжымынан жалпы 768 кәсіподақ мүшесі қатысты.

Спатакиаданың алауын жағу құрметі спорт ардагері, ұлағатты бапкер, Грек Рим күресінің спорт шебері, Қазақ күресінен түйе палуаны, Қазақстан чемпионы, білікті ұстаз қазақ жастарын спортқа баулуда ерекше еңбегімен еленген Саткенов Тұрархан Қақпанбайұлына, волейболдан спорт шеберіне үміткер, ҚР- ның волейболдан 3 дүркін чемпионы, ұлағатты ұстаз Рыскулов Мақсұтқа, Волейболдан спорт шебері Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Тойлыбаев Есқалиға берілді.
Әр спорт түрінен жеңімпаздар анықталып, облыстық сайысқа 50 кәсіподақ мүшесінен құралған команда жасақталды.

Елдің ертеңін тәрбиелеп отырған білім саласының қызметкерлері спорт пен дене мәдениетінің өркендеуіне де үлес қосып келе жатқанын осы сайыста тағы бір дәлелдеді. Ұстаз – ұлттың шамшырағы десек, ел болашағына үлгі болар дені сау, жігерлі, сергек ұстаз – қоғамның мызғымас тірегі.