Спорттық сайыс мейрам сияқты өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20- жылдығын мерекелеуге арналған «Әкем, анам, мен — спорттық отбасы» атты спорттық жарысын өткізді.Салтанатты іс-шараға облысымыздың мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Қатысушы топтар өзіндік қызықты аттарымен ерекшеленді: «Жалын», «Денсаулық», «Бірлік», «Спасатель», «Салауат», «Қыран». Турнирлік бағдарлама қаппен секіру, эстафеталық таяқшамен жүгіру, көп болып жүгіру, қиыспалы секіру, допты екі аяққа қысып жүгіруден құралды.Соңғы жарыс ретінде жалпылама командалық эстафета өткізілді.
Қорытындылай келгенде жалпы ұпай санының ең көп мөлшерін жинап «Жалын» командасы бірінші орынды ,екінші орынды «Қыран» командасы, ал үшініші орынды «Бірлік» командасы иемденді.Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған өзге де командалар жанкүйерлер назарынан тыс қалмады және оларға да көтермелеу сыйлықтары тапсырылды. Жалпы алғанда турнир өте қызықты,тартысты болып, мерекелік көңіл-күйде өткізілді. Жарыс барысында балалар ғана емес үлкендер де достасып кетті. Осындай отбасылық мерекелік іс-шараларды өткізу адамдарға қуаныш пен демалыс сыйлайды. Себебі, мұндай іс-шаралар балалардың ой-өрісін дамытып, кез келген ортада тез тіл табысуына мүмкіндік береді. Ал үлкендер жағы бір серпіліп, бір-бірімен араласып, отбастарымен жүздесіп, көзайым болып қалады.
Өз тілшіміз