Статистика департаментінде халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды
20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады. 20 шілде мен 2 қыркүйек аралығында 23 нұсқаушы қажет. Барлық қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар келесідей. Білімі: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаментіне Нұр-Сұлтан қаласы, Байланыс телефоны: 8(7172) 32-87-61; 8(7172) 31-62-53. Резюме maa-309@mail.ru