Стресстен 5 минуттың ішінде құтылудың жолдары

Стресс — кез-келген аурудың негізі. Біз онымен күнделікті өмірде бірнеше рет кездесеміз. Стресске қарсы тұра алмасаңыз, оны бірнеше минутта жеңуге көмектесетін кеңестерді пайдаланып көріңіз.

1. Жаяу жүріп келіңіз

Қоржыныңызда небары 5 минут болса да, далаға шығып кетіңіз. Таза ауа мен жаяу жүріс жүрек қағысын бір қалыпқа келтіріп, ойыңызды жинақтауға көмектеседі.

2. Кітап оқыңыз

Қолыңызға бірден фантастика немесе күлкілі жанрдағы кітапты алып, оқып бастаңыз. Сюжеті қызықты кітап миыңызды тынықтыруға көмектеседі.

3. Медитациямен айналасыңыз

Кейде стресстен арылудың бірден бір жолы — бірнеше минут тым-тырыс отыру. Ал ол уақыт бос өтпеу үшін, медитациямен немесе визуализациямен айналысуға болады.

4. Күлкілі видео қараңыз

Стресс пен күлкі бір-біріне қарама қайшы келетін дүниелер. Сондықтан, стресс кезінде әлеуметтік желіден күлкілі роликтерді тауып, бір-екеуін қарап алу жеткілікті. Әсіресе жануарлар немесе кішкентай балалар бар видеолар ерекше күлкі сыйлайды.

5. Шай ішіңіз

Күнделікті ішетін шайға ағзаңыз үйреніп қалған болар. Сондақтан жүйкенің қозуын басатын шөптерден жасалған шайды таңдаңыз. Мысалы, түймедақ шайы.

6. Жастықпен алысыңыз

Кей кезде стрессті баспай, қайта бойдағы барлық сезімді сыртқа шығару керек болады. Сондай кезде жастықты жақсылап ұрып алған жөн.

7. Терең тыныс алыңыз

Стресс кезінде біз дұрыс дем алмаймыз. Соның салдарынан қан айналымымыз бұзылады. Ол ағзаға қосымша стресс береді. Сол себептен 5 минут бойы терең дем алыңыз.

8. Суық сүлгіні желкеңізге басыңыз

Стрессті тез басуға көмектесетін жол — желкеңізге суық су басу. Жаныңызда сүлгі болса, оны суық сумен сулап, желкеңізге бірнеше секунд басып тұрыңыз.

comode.kz