СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін басқарма басшысының орынбасары Нұржан Мұқашев «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалына барып, су шаруашылығы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
— Сіздерді «9 шілде — Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Су шаруашылығы — ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге, жерді мелиорациялау бағдарламасын орындауға, балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын өркендетуге септігін тигізетін бірден-бір сала. Тіршілік нәрі судың құндылығы мен оны халыққа жеткізуде аянбай етіп жүрген Сіздердің еңбектеріңіз қашан да құрметке лайық! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! – деген Нұржан Нұрланұлы филиалдың бірқатар қызметкерлеріне басқарма басшысының Алғыс хатын табыстады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы