СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,5 млн астам м3 еріген қар суы сорылды, 288 мыңнан астам қапшық және 44,7 тонна инертті материал төселді.
«Жедел желі» телефондарына 459 қоңырау келіп түсті, 13 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 8 811 адам, оның ішінде 3 183 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 5 467 адам, оның ішінде 1 977 бала орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 666 адам, оның ішінде 242 бала эвакуацияланды.
30 автожолдардың шайылуы, оның ішінде 4 көпір және 26 жол төсемі бақылауда.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарында көлік қатынасынсыз қалған 44 елді мекен бар.
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Ұлытау және Ақмола облыстарының әкімдіктері жергілікті ауқымдағы ТЖ режимдерін жариялады.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 644 бірлік су айдау құралдары және 61 бірлік жүзу құралдары, 12 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.