СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
Аудан әкімі Ернар Есіркепов көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында аудан аумағындағы өзен арналары мен су өткізу жүйелерінің дайындығын зерделеп, тиісті тұлғаларға қауіп төнуі мүмкін учаскелерде қажетті қауіпсіздік шараларын қолға алуды тапсырды.
Бүгінде осы бағыттағы дайындық жұмыстары басталып кеткендігін де атап өткен жөн.
Жалпы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 6 тонна жанар-жағармай, 22 дана су сорғыш құрал, 7000 дана қап, 150 дана күрек және меморандум арқылы 45 дана ауыр техника базасы әзірленді. Қосымша “Құлан Жолдары” ЖШС базасында 500 тонна құм дайындалып, инертті материал алатын орын да бекітіліп отыр.
Осы тұста, Ернар Есіркепов аудан тұрғындарын табиғи апаттардың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділік танытуға шақыратындығын жеткізді.
Себебі, тұрмыстық қатты қалдықтар мен қоқыстарды белгіленген орындарға тастау, өзен арналары мен арықтарды қоқыстан тазарту – ортақ қауіпсіздігіміздің кепілі екендігі анық.



