Су — тіршіліктің көзі

Қай уақыт болмасын ауыз судың мәселесі қай ел үшінде алдыңғы орында.
Таза ауыз су көптеген ауылдық тың көкейкесті мәселесіне айналды.
Еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс – бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы.
Ел Президенті Қ.Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлуі түсінікті.
Өйткені ауыз судың сапасы ел тұғындарының денсаулығына тікелей әсер етеді.
Жалпы, елімізде халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы, одан соң 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылды.
Ал, өткен жылдан бастап бұл мәселе «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында шешімін тауып келеді.
Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы біздің облысымызда да жіті бақылауда.
Бүгінде бұл мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Әлі де жалғасып жатыр.
Таза ауыз су – денсаулықтың кепілі екені белгілі. Аудан бойынша сегіз елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, бүгін мен Ақсүйек ауылдық округінде болып ауыз су жүйесін тексердім.