”Сударушка” халықтық фольклорлық ансамбліне 25 жыл!

Аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған “Сударушка” ансамблінің шығармашылық жолы осыдан 25 жыл бұрын басталған.

2004 жылы «Халықтық» атағын алған.
Ал бүгінде «Сударушка» — бұл белсенді шығармашылық қызметі арқылы адамдарға қуаныш сыйлайтын, халық әндерін қайта жаңғыртатын ерекше ұжымдардың бірі. Бүгінде ансамбль – аудан ғана емес, облысымызға сыйлы әрі танымал.

Жан-жақты ойластырылған мерейтойлық концерттің бағдарламасы ұжымның тынымсыз еңбегі мен өнерге деген үлкен махаббатын көрсетеді.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі