Суғармалы жерлерді қалпына келтіру
Мемлекет басшысы Үкіметке су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдерді әзірлеуді тапсырған еді. Бүгінгі таңда су ресурстарын пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Бұл мәселе Жуалы ауданында да басты назарда ұсталып келеді. Коммуналдық теңгерімдегі каналдарды қалпына келтіру бойынша 16 канал ұсынылды.
1) Механикалық тазалау жұмыстарын атқару бойынша 6 канал, оның ішінде Билікөл а/окр – 1 канал, Көкбастау а/окр – 3 канал, Ақтөбе а/окр – 2 канал.Құны 66,639. млн теңге.
2) Су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша (лоток салу) 10 канал ұсынылды, оның ішінде Шақпақ а/окр – 1 канал, Ақсай а/окр – 2 канал, Қызыларық а/окр – 5 канал Мыңбұлақ а/окр – 2 канал.Құны 874,499 млн тенге.
Жоғарыда аталған каналдардың толық құжаттар топтамасы (ЖСҚ, дефект акті) ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды. Жалпы құны 936,914 млн тенге.
Сонымен қатар Көкбастау а/о Көктөбе-1 және Көктөбе-2 шағын тоғандары «Жамбыл су қоймалары» мекемесі тарапынан қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша, ағымдағы жылы Ақтөбе ао Абзал ш/қ – 3 дана, Мыңбұлақ а/о Күнекей ш/қ -1 дана, , Нұрлыкент а/о Төлеген ш/қ -3 дана, Шақпақ а/о Әділет ш/қ — 3 дана, Ақсай а/о Жазира ш/қ – 1 дана, Б.Момышұлы Шолақ бастау ш/қ – 1дана және «Гамбург» ЖШС-гі 250 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғыларын қондырғылар алынды, барлығы 450 гектарға орналастыруда.
Көркем Асқар