Суицидті алдын алу бойынша дәріс өткізді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесіндегі сотталғандар арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің психологы әділет майоры Аяулы Исакова мекеме қызметкерлері және Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің қызметкерлеріне «Суицид және оның алдын алу» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Мақсаты ,суицид ұғымын түсіндіру, теориялық ақпараттар беру және сотталған арасында өзіне — өзі қол жұмсаудың алдын — алу мәселесіне байланысты шешу жолдарын көрсету.
Қызметкерлерге суицидтің алдын алу үшін психологтар тарапынан бірнеше нақты ұсыныстар айтылды. Суицидтік әрекеттерге бейім сотталғандарды бақылау әдістері, олармен тиімді байланыс орнату, психологиялық көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге осы санаттағы адамдардың эмоционалды жағдайын тұрақты түрде қадағалап, күдікті мінез-құлық байқалған жағдайда жедел әрекет ету керектігі ескертілді.