Сүйікті аяқ киіміңіз мінезіңізден хабар береді

Аяқ киімнің түр-түрі көп болғанын бәріміз де қалаймыз. Дегенмен, соның ішінде жайлы жүре алатын, өзіңіз ұнатып, жиі киетін аяқ киім болады. Осы аяқ киімге сәйкес киімдеріңіз де көп. Бұл таңдау сіздің мінезіңізді ашып береді.
Танкетка
Бұл таңдау сіздің нәзіктігіңізден хабар береді. Өзіңізді жақсы сезініп, сырт көзге де солай көрсетіп жүргіңіз келеді. Бойыңыз сенімділік пен кербездікке толы. Әрдайым белсенділігіңізбен өзгелерден ерекшеленіп тұрасыз, бірақ бәрімен бір деңгейде болуды қалайсыз.  Ер адамдар сізге аузының суы құри қарайды.

Биік өкшелі аяқ киім
Бұл аяқ киім — сенім мен еліктіру символы. Тәртіпсіздікті жеңіл қабылдайтын, келісімнен қорықпайтын жансыз. Өзгерістерді жақсы көресіз, оған тез бейімделесіз. Сіздің ең басты қасиетіңіз — баурап алатын тартымдылық. Сондықтан жаныңызға ер адамдар үйір. Олар үшін сіз шынайы жетістік болып саналасыз.

Шпилька өкшелі туфли

Бұл аяқ киім бағаланбайды. Себебі адамдарға мұны пайдакүнем қыздар киетіндей көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Егер сіз осы типтегі аяқ киімді күнделікті киетін болсаңыз, көздегеніңізге жетпей қоймайтын, мүмкіндіктерді жібермейтін қыз болғаныңыз. Ләззат алатын, көңіл көтеретін істерге барғанды ұнатасыз, адамдармен тез араласып кетесіз.

Балетка

Сіз болашағыңызға алаңдайсыз. Өкшелі аяқ киімдерді киіп, денсаулығыңызға зиян келтіргіңіз келмейді. Келешекте сізден өте жақсы ана шығады. Жаяу серуендегенді жақсы көресіз. Уақыт тығыз болмаса, қашықтыққа қарамай, жаяу жүре бересіз.
Спорттық аяқ киім
Сіз алдыңызға нақты мақсаттар қоясыз. Дәл осы аяқ киімді таңдауыңызға себеп көп. Кез келген киіммен үйлестіруге болады. Жайлылықтан, сенімділіктен, жинақылықтан ләззат аласыз. Барлық тапсырманы орындауға дайынсыз. Сіз оптимиссіз. Жабық есіктердің барлығы сіздің алдыңызда ашыла қалады.
Мокасин
Осы аяқ киімді таңдайтын қыздарға бөлшектер ұнайды. Сізді бір сөзбен «перфекционизм» деген сөзбен сипаттауға болады. Сізді бір көрген кісі сенгіш адам деп ойлайды. Жұмысты үнемі қыздың жиған жүгіндей тап-тұйнақтай етіп атқарып шығасыз. Сізге арқа сүйеуге болады.

Ағаштан жасалған аяқ киім (сабо)
Мұндай аяқ киімде аяқтың бір бөлігі ашық тұрады. Бұл жылы шырайлы, адамдармен тіл табысқыш қыздарға сай келеді. Егер сіз аяқ киімнің осы түрін ұнатсаңыз, жақсы көрінгіңіз келетінінің белгісі, алайда жайлылықпен қош айтысасыз. Ыңғайлылықтан сұлулықты маңыздырақ санайсыз. Әділдікті бірінші орынға қоясыз. Тыныштықты да, таусылмайтын қозғалысты да ұнатпайсыз.

«ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайты