Сүйікті болу бәрінен маңызды
- Мен су тек су болады деп ойлайтынмын. Бірақ оны ысытсаң – буға, суытсаң – мұзға айналады. Шын мәнінде ол бу ма, су ма, мұз ба – беймәлім. Адам да сондай. Ол да әртүрлі. (Януш Корчак)
- Жоқ нәрсе ғайып болмайды. Іргесі қаланбаған дүниені құлату мүмкін емес. Тек шындыққа балаған елесті сейілтесің.(Ошо)
- Сіздің айтқаныңызды қанша адам кері түсінетінін білсеңіз, үндемеуді үйренер едіңіз.
- Сіз үшін шалшықты да кешіп өтпейтін адам үшін мұхит асып келу бекершілік.
- Әр қателіктің саған ұлы сабақ болуына мүмкіндік бер: әр батқан кеш – арайлап атар таңның басы. (Шри Чинмой)
- Кей адамның жаны мұхиттай терең, оларға бойлай алу мақтаныш. Ал, кей адам шалшық секілді, былғанбау үшін айналып өту ләзім.
- Шын бақытты адам өзгеге жамандық тілемейді.(Л.Толстой)
- Жүректегі күн жарқыраған кезде мұз атаулы ериді. Адам ғашық болғанда жүрегі шұғыла шашады. Ғашық адам жылдам өзгереді. Сенім нық жерде ғажайыптар орындала бастайды.
- Сүйікті болу бәрінен маңызды. Бай болудан, сұлу болудан, танымал болудан… Өйткені, сүйікті болу – бақытты болу деген сөз.
- Өзгені сүрінгені үшін мінеу жөн бе екен? Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бірақ сүрінген адамға екінің бірі қолын соза бермейді…
- Бір данагөй көріпкел: «Адам үшін ең күшті дәру – махаббат пен қамқорлық» депті. Сонда біреу: «Көмектеспесе ше?» деп қайта сұрапты. Көріпкел: «Мөлшерін еселеңіз» деген екен.
- Айналадағы адамдардың саған «Көңіліңе жақын алма» деп айтуы оңай. Олар сендік жүректің тереңдігін қайдан бойласын? Сен үшін не жақын екенін қалай білмек? (Эльчин Сафарли)
- Алғаш көргеннен жаныңа шаттық сыйлаған адамдарды жоғалтып алмауға тырыс.
- Нәзіктік деген қайсарлықтан туады, тек шын қайратты адам ғана жүрегін ашып, жан жылуын сыйлай біледі.
- Көңіл қалу деген тұмау секілді. Ауырып тұрасыз. Содан соң иммунитет күшейеді.
- Дүниедегі ең тәтті нәрсе балаңның беттен сүйгені, ең маңыздысы бөбегіңнің денсаулығы, ең ауыры нәрестенің көз жасы, ең қымбаты олардың кіршіксіз махаббаты…
- Әйел қандай еркекті бағалайды? Оның бар үрейін басып, күмән-күдігін сейілтіп, беймазалықтан құтқарып, есесіне тек өзін ғана сүюге мүмкіндік қалдыратын жігітке бас иеді.
Афоризм кітабынан
Аударған Шынар Әбілдә