🤩 СҮЙІНШІ ХАБАР!

🥇 Дулати университетінің түлегі Асауқат Мухамадиев Грек-рим күресі бойынша Ұлттық құраманың жалғыз ғана алтын медаль иегері атанды!
Кешелі бері өздеріңізбен спортшыларымыздың жеңісті сәттерімен бөлісіп, сүйінші хабарды жарыса жариялап жатырмыз. Түркістан төрінде өтіп жатқан ІІ Түркі Универсиадасында Дулати спортшылары чемпион атануда.
Жеңімпаз спортшымыз — Асауқат Мухамадиев Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұған дейін Азия чемпионы, ХІІ Универсиада чемпионы (Ақтау) атанған. Жеке бапкері – Айдын Сарсекеев.
Түлегімізді жеңісімен құттықтаймыз! Олимпиада чемпионы атануына тілектеспіз!