Сұлу әрі сүйкімді болам десеңіз…
- Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек.
- Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
- Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.
- Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз.
- Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.
- Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтермелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді «лақтырып тастамаңыз».
- Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол.
Одри Хепберн