СҰЛУЛЫҚ ПЕН ЖЫЛЫЛЫҚ ӘЙЕЛДЕ…
Әйел- отбасының шырағы! Жарқырап жанып тұрған шыраққа махаббатпен қараған еркек- нағыз еркек.
Әйел ренжіген күні үйден береке кетеді. Берекеден айырылғың келмесе,
әйелді ренжітпе!
Әйел-нәзік гүл! Оны баптап күте білсең,үйіңнен күніге жұпар иіс аңқып тұрады.
Әйелдің бетіне әжім түскенмен,жүрегіне әжім түспейді.
Әйелмен айтыспа! Оны тыңдап,қолдап,қорғай біл.Жеңіс сенде болады!
Әйел өте сезімтал жан.Сезгенін айтса, сенімсіздік танытпа.
Әйелдің жүрегі жамандықтан тілінеді.Тілінген жүректі жамағанмен тыртығы қалады.
Есі бар еркек әйелінің жүрегін сау қалпында ұстайды.
Әйелдің жанын түсінгің келсе, теңізге түс, терең тұңғиығына көз сал, толқындарымен ойна.
Сұлулық пен жылылық әйелде!
Сұлулығына тамсанып,жылылығынан қуат аласың.Әйелді бағалай біл!
Өмірді жайнататын да,қара қазанды қайнататын да әйел.
Қазақ әйелі! Бақытты бол!
Сенің көзіңнен бір тамшы жас көргім келмейді. Жаныңда басыңды бағалай білетін жан болсын!
Фатима Забурақызы.