«Super Pharm» фармацевтикалық зауытының қуаттылығы артты
Жұмысшылардың айлық жалақысы 165-280 мың теңге аралығында.
Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар, спиртті салфеткалар мен бинт, лейкожапсырмалар, ота жасауға арналған құрал-жабдықтар: қайшы, пышақтар жиынтығы өндіріледі.
Сондай-ақ жұмысшыларға да жағдай жасалған. Жаңадан орналасқан азаматтар техника тілін меңгеру үшін арнайы курстарды тегін оқып, кәсіпке үйренеді. Тағы бір айта кетерлігі жұмыс беруші балалар үйінен шыққан, тұрғын үйі жоқ жандарға зауыт ішінен салынған 100-ге жуық орынды жатахана мен асхана тегін қызмет көрсетеді.
Бұл еліміз бойынша алғашқы фармацевтикалық зауыт екенін тағы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктетігінің директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтынша, осы күнге дейін медициналық бұйымдарды өндіру үшін шикізатты сырттан тасымалдайтын болса, енді сол шикізатты өндіру үшін зауыттың аумағынд үлкен корпустың құрылысы аяқталды. Бүгігде зауыттың қуаттылығы артып, жұмыспен қамтылатын азаматтар қатары көбейе түспек.
Құрылыс жұмыстары мен кажетті құрылғыларды орнату үшін 1,7 млрд қаражатын жұмсаған серіктестік алдағы тағы бір клрпустың жұмысы басталатынын жеткізді.
Өңір басшысы Ерлан Қыдыралыұлы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау білдіретінін, жұмысқа тұрғындарды тарту жұмыстарын үйлестіретінін алға тартты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі