СҰРАНЫСҚА ИЕ ДӘРІЛЕР МАҢҒЫСТАУ ДӘРІХАНАЛАРЫНА ОСЫ АПТАДА ТҮСЕДІ
Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Науқастанушылардың көбеюіне және халықтың жаппай сатып алуына байланысты дәріханаларда қызуды түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер мен антибиотиктер және дене қызуын өлшейтін құралдар тапшылығы байқалды. Тіпті кейбірі мүлде жоқ. Мұндай жағдай еліміздің барлық өңірінде орын алып отыр. Ринат Кубатаевтың айтуынша осы аптада аталған дәрі-дәрмектер облыс дәріханаларына түсе бастайды. Жалпы Маңғыстауда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ірі 4 көтерме қойма бар. Оның үшеуі алматылық компания, біреуі жергілікті мекемеге қарасты. «Қазір «Эмити» компаниясының басшыларымен келісілді. Алдағы 1-2 күнде сұранысқа ие, қажетті деген дәрі-дәрмек өңірге жолданады. Ал, «Медсервис» мекемесі ертең бір көлікке тиелген медициналық препаратты Алматыдан Ақтауға жібереді. «Инкар» комнаиясы болса бейсенбі, жұма күндері әуе борты арқылы жібереді. Осылайша осы аптада қажетті дәрі-дәрмек облыстағы дәріханаларға сатылымға түседі деп күтіп отырмыз. Жалпы шетелден келетін дәрілер фармацевтикалық дестрибьюторлардың мәліметтері бойынша шекарада тұр. Дәрілік заттар кеденнен және қауіпсіздік бағасынан өткені туралы сертификатын алғаннан кейін облыстық дәріханаларға таратылады»,-деді МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев.
«Дәрілер қоймаға түскен соң, оның қандай дәріханаларға жіберілгенін БАҚ арқылы қосымша хабарлап отырамыз»,-деді Ринат Кубатаев.
ФАРМАЦЕВТЕР ДӘРІХАНАДА ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ БАСҚА АНАЛОГТАРЫН ҰСЫНУЫ КЕРЕК
Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.
Дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың ұлттық сараптама орталығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 26 маусымына дейін 105 дәрілік заттарға яғни 27 млн. 162 мың 850 қаптама, оның ішінде:
39 яғни 1 млн. 396 мың 422 қаптама – қызу түсіретін дәрілік заттар;
46 яғни 11 млн. 985 мың 162 қаптама — антибиотиктер (цефтриаксон және азитромицин);
20 яғни 1 млн. 215 мың 266 дана қаптама – вирусқа қарсы дәрілік заттарына сәйкестік сертификатын берді.
Құрамында парацетамол бар халықаралық патенттелмеген 86 атауы (ХПА) — парацетамол) дәрілік заттың әртүрлі түрлері кездеседі: таблеткалар, суспензиялар, суппозиторийлер, ішілетін ерітінділерді дайындауға арналған ұнтақтар.
Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық дистрибьюторлармен: АФ «Медсервис-Плюс» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Инкар» ЖШС вирусқа қарсы, қызу түсіретін дәрілік заттар мен антибиотиктерді жедел жеткізу және қажетті көлемде қор құру қажеттілігі туралы
келіссөздер жүргізді. Болжам бойынша, келесі аптаның соңында қаладағы дәріханаларға қызу түсіретін және вирусқа қарсы дәрілік заттар жеткізіледі.
Олар температураның жоғарылауын тудыратын заттардың синтезін тежейді және қабынуға қарсы, анальгетиктер мен ыстықты төмендететін әсерге ие.
Қызу түсіретін дәрілік заттар тобындағы барлық дәрілер, соның ішінде парацетамол, бірдей әсер ету механизмі мен сипатталады. Олар температураның жоғарылауын тудыратын заттардың синтезін тежейді және қабынуға қарсы, анальгетиктер мен ыстықты төмендететін әсерге ие. Қаланың дәріханаларында келесі бірін-бірі алмастыратын дәрілік заттар бар:
Антигриппин П, Цинепар, Антифлу, ТайлолФенхот, Эффералган, Панадол, Максигриппин, Фервекс, Аскофен, НолГрипп, Гриппостад, Терафлю, Ринза, Грипго, Орвиколд, Ибуфен, Нурофен,Упсарин, Гриппофлю және басқалар.
Сонымен қатар, қызу түсіретін, қабынуға қарсы және анальгезиялық дәрілік заттар тек таблетка түрінде ғана емес, шәрбаттар, ыстық сусындар жасауға арналған ұнтақтар, суспензиялар, суппозиторийлер түрінде де болуы мүмкін.
ДӘРІЛЕРДІ МӨЛШЕРДЕН ТЫС ЖӘНЕ ДӘРІГЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАУЫНСЫЗ ҚАБЫЛДАУ ҚАУІПТІ
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.
Қазіргі таңда әлеуметтік желіде індеттен емдейтін немесе оның алдын алатын түрлі дәрі-дәрмектің тізімі тарап жүр. Осыған байланысты, тұрғындар дәріханалардағы барлық антибиотиктер мен дәрілерді жаппай сатып алуда.
Бұл орайда Ринат Кубатаев облыс тұрғындарын қандай да бір дәрілік препарат алар алдында міндетті түрде арнайы маманның алдынан өтіп, одан рецепт алуға шақырады.
«Антибиотиктерді жайдан-жай қолдану өте қауіпті. Өйткені, адам ағзасы бұл антибиотикті қабылдай ма, жоқ па белгісіз. Ал рецептісіз ішілген дәрілік препараттар кері реакция берсе, оның арты қиын болмақ», — деді брифинг спикері.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕМХАНАЛАРЫНДА ПНЕВМОНИЯМЕН АУЫРЫП ЖАТҚАН НАУҚАСТАРҒА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР БЕРІЛУДЕ
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмектер, материалды техникалық қамтамасыз ету және инвестициялар бөлімінің бас маманы Жанар Төлебаева хабарлады.
Пневмония бойынша 1 миллион 987 мыңнан аса теңгеге 878 адамға рецепт жазылып, халық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар тек қана пневмония емес басқа да инфекциялық аурулар бойынша 1877 адамға 4012 (упаковка) антибиотиктер берілді. Қазіргі таңда облыс бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмектермен 124 мың 600 адам қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні ауруханада дәрі-дәрмек жеткілікті, емхана
қоймаларында жалпы саны 15 мың азитромицин таблеткасы бар. Облысқа бір айлық көлемінде дәрі-дәрмектер және антибиотиктер келді. Десе де, науқастардың көбеюіне байланысты эскофармацияға қосымша өтінімдер жолданды.
МО ҚКО