«СВЕТОФОР» ТӨМЕН БАҒАЛАР ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Светофор» төмен бағалар дүкендер желісі сауда үйінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, қала әкімі Дархан Баймбетов және қала тұрғындары қатысты. ⠀

 Еліміздің барлық қалаларында, оның ішінде Жамбыл облысында «Светофор» сауда маркасымен ашылған 3-ші дүкен Қаратау қаласының бұрыңғы орталық базар ғимаратында орналасты.

Сонымен қатар бұл ресейлік бренд Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде өз дүкендер желісін жүргізуде.

Мұндай əлемдік тәжірибесі бар Ресей брендінің Қаратау қаласына келуі өте маңызды. ⠀

Қаратау қаласында «Светофор» төмен бағалар желісінің ашылуы қалада бәсекелестіктің дамуына, бағаның тұрақтылығына септігін тигізері анық.

 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі