Сыбайлас жемқорлық дегеніміз!

Заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады.

 

Сарысу аудандық ХҚК бөлім
басшысы Аманкулов К.Б