СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауданымызға келіп, көшпелі қабылдау өткізді.
Аталған топтың құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Бақтыходжев Ербол Жұмақадырұлы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Байболат Ерлан Бейсенұлы, «Әділет жолы» РҚБ ЖОФ жетекшісі, Жамбыл облыстық қоғмдық кеңес мүшесі Жұбандықова Назима Дәрменқызы, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, мәслихат депутаты, Антикор валонтер жобасының қатысушысы Жапарова Әсел Әбілханқызы және көшпелі кеңес беру алаңының өкілдері, заңгерлер, нотариус, сот орындаушы өкілдері болды.
Аудандық мәдениет үйіндегі көшпелі кеңес беру алаңында мобильді топ өкілдері мен аудандық мекеме және кәсіпорын қызметкерлері аудан тұрғындарын қабылдап, толғандырып жүрген мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өтініш, шағым және талап-тілектерін тыңдады.
Аудан тұрғындары сауалдары бойынша тиісті жауаптар алды. Бірқатар мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.