Сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған жиын өтті

Сыбайлас жемқорлық-заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп,мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып,бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Бугін,Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ұйымдастыруымен өткен жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Дәурен Омаржанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Еділ Абдрахманов және Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментке қарасты №59мекеме басшысы мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сондықтан,кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.