СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ 40 САҒАТ

Павлодардағы Торайғыров университетінің құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болат Олжабаев пен профессор Серік Бастемиев Сібір басқару иститутындағы әріптестеріне 40 сағаттық дәріс оқыды.

Біздің сарапшылар ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

«Бұл мәселе бойынша еліміздегі жаңашыл әдістерді қолдану абзал. Біз сыбайлас жемқорлық ұғымынан алыстап жатырмыз, қазіргі таңда алдын алу және адалдық мәселелеріне басымдық беріп жатырмыз. Қазақстанда құқықтық сана мен мәдениетті қалыпастыруды көздейміз. Ал Ресейдегі жемқорлыққа қарсы заңнама жазалау жүйесіне бағыт алған. «Заңды клиника» атты халыққа тегін кеңес беру құбылысы назарымызды аудартты. Клиникалар жоғары оқу орындарының базасында құрылып, көмекті болашақ заңгерлер көрсетеді», — дейді Б. Олжабаев.

Мәселен, Toraighyrov University базасында «бір терезе» қағидаты бойынша білім алушыларға көмек көрсетудің фронт кеңсесі жұмыс істейді. Бұл кезекте көп тұрмай, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қағазбастылықтан бас тартуға апаратын күшті фактор болып табылады. Осылайша, мемлекеттік органдармен байланыссыз қарым-қатынас орнатылған.

Тілеуберді Сахаба.