Сымбат Әлем кубогінің жеңімпазы

Талаптылық Сымбат Әлиасқар Түркияның Ыстанбұл қаласында кикбоксингтен өткен жастар арасындағы Әлем кубогінің (TURKSH OPEN) чемпионы атанды. Аталған чемпионатқа Еуропа, Африка, Австралия, Азия құрлықтарының үздік спортшылары қатысты.
56 келі салмақта бақ сынаған жерлесіміз еуропалық кикбоксингшылардан айласын асырып, ақтық сында жергілікті түркиялық спортшы қарсылас атанады. Шешуші сәтте шеберлігін ұтымды пайдалана білген Сымбат Әлем кубогінің иегері атанады.
Жалпы С.Әлиасқар Бостандық ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Спорттағы қадамын бокстан бастаған ол талай жарыста топ жарған, тіпті Сербияда өткен Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған.
Қазір Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде білім алатын жас чемпионымыз облыс орталығындағы кәсіпқой жекпе-жек клубының спорт ғимаратында жаттығады. Жаттықтырушысы Мақсат Мирасилов.