Сымбатты болу үшін………..
Біз ұсынған мына кеңестерді ұстанып жүріңіз:
- Майлы, тәтті, ұннан жасалған тамақты өзіңіздің ас мәзірінен алып тастаңыз;
- Егер Сіз бала кезіңізден ыдысыңызда түк қалдырмай жеуге үйренсеңіз, енді барлық тамақты тауысып ішпеуге тырысыңыз. Ал, нақтырақ айтқанда бұрынғы норманың тек жартысын жеп, тоюға дағдыланыңыз;
- Көп қозғалып, гимнастика, дене шынықтырумен айналысыңыз, қыстың аязын сылтау ете бермей, жылырақ киініп, жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз;
- Тамақ үстінде алаңдамаңыз. Мәселен, әлеуметтік желіге тамақ ішіп отырған кезде кірмеуге тырысыңыз;
- Алдыңызға қойылған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге тырысыңыз;
- Тамақты әбден шайнап жұтыңыз. (Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, аузыңызға салған тамақты 33 рет шайнау керек екен). Жұтқан сайын азғана үзіліс жасап, сонан соң ғана қасық-шанышқыңызды қайта ұстаңыз;
- Жалғыз тамақтанбауға тырысыңыз;
- Тамақты ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз жөн;
- Тамақ ішу уақытын созуға тырысыңыз. Себебі, Сіздің асқазаныңызға ас барғаны туралы сигнал миға 20 минутта ғана жетеді. Ал осы уақыт аралығында қаншама артық мөлшерде тамақ ішіп қоюға болатынын білесіз бе?
- Қазақта «Таңғы асты тастама» деген даналы сөз бар. Бұл туралы ғалымдар да қазір толассыз жазуда. Ұйқыңыздан ертерек оянып, таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз.