«Сыңсу» айтудың мәні неде?
Қазақ жұрты жаратылысынан сауықшыл, ән мен күйдің елі, әрі әрбір салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы өнеге аларлық дүниеге толы асыл қазына. Бала құрсаққа біте салғаннан жарық дүниеге келгенге дейін түс көрсе де, игілікті іс істелсе де, тек жақсылыққа жорып жатады. Айы күні жақындағанда «Құрсақ шашар», «Қазан жарыс» деп шарананың жарық дүниеге аман келуін тілеп, ең жақын туыстары дастарқан жайып, Алладан амандығын сұрап дұға жасап отырған. Ал өмірге келген сәтінен дария кеуде қария болған дейінгі аралықтың барлығында жөн-жөнімен, жол-жолымен әр қуанышын мерекеге ұластырып, тасытуды игі дәстүрге айналдырған.
Бүгінгі жаһандану дәуірі — жаңа қоғам — өзгерген заманда көптеген жәдігерлеріміз тарих қойнауына сіңіп тіпті, кейінгі ұрпақ ондай да әдет-ғұрпымыздың бар екенін білмейтіндей дәрежеге жеткені рас. Ескіні көксегеніміз емес, ата-салтымыз есімізден кетпесін деу іміз бұл арада орынды болмақ. Ұзатылып бара жатқан қыздың елімен қоштасу ретінде айтылатын сыңсу сол ғибратты салтымыздың бірі еді. Үлкендердің: «Сыңсуды кейінгі ұрапақ жағымсыз мағынада түсініп алған ғой. Мазасы кетіп жылай берген баланы «сыңсымашы» деп ұрсатынымыз бар емсе пе? Бүгінгі ұрпақтың санасында осы мағынада қалып қойға сияқты»,-деп айтатыны бар. Шындығында, «Сыңсу»дегеніміз сөзі, әуені әуезді болып келетін, жат жұртқа кетіп бара жатқан қыздың өзі туған ел-жұртына қимас көңілін білдіретін ғұрпы.
Сыңсу әні мен сөзі үйлесіп салтымыз санадан өшпей, тарихымыздан көшпей тұрғанда былайша айтыған екен:
Есіктің алды ошаған,
Ұстатпайды қашаған.
Қайта айналып келшенше,
Аман да бол босағам.
Базардан алған тақтайым
Сындырмай қайтіп сақтамайын.
Айналайын ақ апам,
Ақ сүйтіңді қайтіп ақтайын.
Қызғалдақ еді құлпырған.
Барамын ұзап жұртымнан.
Тірегім болған әкешім,
Тілеушім болған сыртымнан.
Базардан келген құйысқан.
Тарамай шашым, ұйысқан.
Келіп те кетіп жүріңдер.
Сағындырмай туысқан.
Осылаша өріліп кете береді. Ал енді ақылға салып қарасақ, бұдан қандай ескіліктің желі есіп түр. Ендеше неге заманауи үрдіске салып, сөз мәнерін бүгінгі күнмен ұштастартып, жаңаша үлгісін таппасқа. Қазіргі таңда қыз ұзатудың бір ғана үлгісі бар. Көріп жүргеніміздей бес-алты сағаттың тойдың сонында жолына ақ мата төсейді де, үстіне гүл шашып, күйеу жігіттің қолынан ұстатып жібереді. Басқа тойлардан өзгешілігі осы ғана. Кетіп бара жатқанда көзінің жасын бір сығып алғаны болмаса, «Сыңсу»айтатындай қимай бара жатқан қызды да көре қоюымыз екіталай. Теңін тауып сүйген жарына қосылғандықтан алаңсыз шығар деп ой түйеміз. Лайым солай болсын.
Бүгінгі таңда бұрынғыдай «Сыңсу» айтпаса да, заманымызға лайықтап, тойға келген жандар ғибрат алатындай насихаттап, салтымыз жаңғыртып, өнегелі өміршеңдігін көрсетіп жіберсе тойдың да ажары ашыла түсер еді деген ойға қаласың. Жасынан өнерге жақын өссе де, «Сыңсуды» айта қояйын деген қыз да жоқ қазіргі таңда. Бұл сөзіміз көнені көксеген «қазақбайский» ұғым болуы да мүмкін. Бірақ бір сарынды дүние де адамды шаршататыны шыңдық. Қазір той көп. Қазекемді той жасау, оған бару жалықтырмаса да оның өту барысы зеріктіріп келе жатқаны рас. Әйтеуір, тойғанымыз бен тойлағанымызға мәз болып жүрген жайымыз бар. Ақыры бәленбай мың ақша төлеп әнші, биші шақырады екенбіз ендеше (ұзатылған қызды қинамай-ақ) неге сол өнерпаздардың қатысуымен қысқа ғана мәнді де дәмді көрініс(арнайы сценарийі бар қойылым) көрсетіп жібермеске. Әйтпесе сол баяғы көріп жүрген би, естіп жүрген ән. Үймізде, төрімізде, экранда жүрген кім? Тойымызда да, ойынымызда да солар. Ал атадан келе жатқан асыл мұраларымыз саналатын салт-дәстүрлеріміз сол баяғы тойғанымыз бен тойлағанымыздың көлеңкесінде қалып қалып, бірте-бірте ұмытылып жаһандумен жұтылып бара жатыр.
«Мен қазақпын мың өліп мың тірілген», деп дүрілдеп жүру үшін де ата салтымызға аманат көңілмен қарайық, ағайын!.
Ж.Оспанұлы