Сынып сағаты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы» деп аталды
«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» әзірлеген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2018 жылға арналған Кешенді жоспардың 1 бөлімінің 1.2 тармағын орындау мақсатында Атырау облыстық Департаментімен 2018 жылдың 5 наурызында облысымыздың барлық(3) жоғарғы оқу орындарының және 25 колледждің студенттерімен, 197 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Бірыңғай сынып сағаттары барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, мемлекеттімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтағы өзекті мәселелер талқылауға салынды. Шараға оқушылар және студенттер белсенді қатысып, көптеген ой-пікірлер ұсынды. Оқушылар пара беру және алу түсініктеріне байланысты сұрақтар қойса, студенттер сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға байланысты шараларға ойларын білдірді.
Бірыңғай сағатта слайд-шоу, бейнематериалдар көрсетіліп, шара қызықты, есте сақталарлықтай түсінікті форматта өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау
облысы бойынша Департаментінің
баспасөз қызметі