СЫРАМЕН ЕМДЕЛУДІҢ 3 ТӘСІЛІ

Ауа райының құбылмалы болуы тұмау мен суықтау қаупін күшейтеді. Мұндайда кәдімгі сыраны емге қолдануға болады екен. Шынын айтқанда, ыстық сыраның өзіне тән дәмі болғандықтан, жұрттың бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Дегенмен емнің бұл түрін де біле жүрген артық болмас.
➡ Бал қосылған сыра. 1 шыныаяқ ысытылған сыраға 1 ас қасық бал қосыңыз. Бұл тұмаудан әп-сәтте арылуға көмектеседі. Ысытылған сыраға шикі жұмыртқа, қалампыр және корица қосып ішу де тез ауығуға жәрдемдеседі.
➡ Ағылшын әдісі. 2 бөтелке сыраға 3-4 тал қалампыр, кішкене лимонның қабығы мен 1 шым-шым корица қосыңыз. 3 дана жұмыртқаның сары уызын 2-5 ас қасық қантпен көпіргенше араластырасыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Пайда болған көбікке ысытылған сыраны аз-аздан қоса отырып, үздіксіз араластырыңыз. Енді оны отқа қойып, қоюланғанша қайнатасыз. Күніне 2-3 рет бір-бір жарым стаканнан қабылдайсыз. Ағылшындық әдістің тұмаудан тез арылуға көмектесетіні дәлелденген.
➡ Жөтелді де сырамен емдеуге болады екен. Егер бронхит немесе үздіксіз жөтел мазаңызды алса, 2 дана үлкендеу лимонды (алдын-ала сүйектерін алып тастау керек) еттартқыштан өткізіңіз. Осы лимонға жарты литр сыра құйып, 1 стакан шекер, алдын-ала ұсақталып, дайындалған қызылмия тамырын (корень солодки) және 1 шай қасық аниса жапырағын қосыңыз. Үлкендеу ыдысқа су құйып, қоспа құйылған ыдысты салып, бу моншасында 5 минуттай қайнатыңыз. Суығаннан кейін күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды.
➡ Негізі тұмауға қарсы ыстық сыра – даулы мәселе. Бұл ретте дәрігерлердің пікірі екіге бөлінеді. Десек те ол халық арасында тұмауды емдеудің ең танымал тәсілдерінің бірі саналады. Негізінен сыра адам ағзасындағы зат алмасуды жылдамдатады, ысытқан кезде оның бұл қасиеті еселене түседі. Сөйтіп қан айналу процесін жеңілдетіп, тамырларды кеңітеді. Қан қысымын реттейді. Жұқпалы аурулар кезінде ыстық сыра тыныс алу жолдары дертіне қарсы да қолданылады. Тек ыстық сыраның алкогольді сусын екенін ұмытпаған дұрыс. Сондықтан оның дайындалу тәртібі мен мөлшерін қадағалау керек.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #здоровье
#фитотерапия #Шөппенемдеу
#шипа #дауа #халықемі