“СЫРҒА ТОЙ” дегеніміз не?
Ертеректе қазақтар ырымдап, сәбиге тұлымшақ пен кекіл қойған. Баласы тұрмай жүрген кейбір ата-аналар жалғыз туған ер баланың оң құлағын тесіп, сырға таққан. Баласы ер жеткен соң ұлан-асыр той жасап, осы тойдың үстінде бозбаланың құлағынан сырғасын алады. Бұл той «сырға той» деп аталады.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ КІТАБЫНАН.
Бүркітбаева ГҮЛГАУҺАР.
Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының қызметкері.