Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген қазақстандықтардың тізімін жасап жатыр
Сыртқы істер министрлігі Израильде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару үшін тізімін жасап жатыр.
Алматы, NEGE. «Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді.
Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.
Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда»,-делінген хабарламада.
Nege.kz