Сыздауық шыққанда
Сыздауық суықтың әсерінен, майлы без бен жасушаның қа¬бынуынан және киім қажағанда, терінің бір нәрсе сызып кеткен жеріне ми¬кробтың енуінен болады. Оны қолмен сығуға, инемен немесе түйре¬уіш¬пен шұқуға болмайды. Олай еткенде жара ас¬қынып кетуі ықтимал.
Сыздауықты пиязбен емдеуге болады. Ол үшін пиязды екіге бө¬ліп, бір жартысын табаға күйдір¬мей қыздырады. Пияз былқылдап босағаннан кейін ыстық күйінде сыздауықтың аузына тартып, таңып тастайды¬. Оны 4 сағат сайын жаңалап тұру керек. Аз уақыттан соң сыздауық жа¬рылып, кейін жазылып кетеді.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)