ТҮРКІСТАНДА «МЕН – ДОНОРМЫН, ӨЗГЕГЕ ҮМІТ СЫЙЛАЙМЫН!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістанда «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» атты акция өтті. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Jas Otan» жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға 100-ге жуық адам қатысып, қан тапсырды.

 
Акцияға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, Кентау қаласы мен Ордабасы және Отырар аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері және қала тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Сондай-ақ, «Ақпарат талдау орталығы», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» және «Өңірлік рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері де атсалысты.
Алдымен жастардың денсаулықтары толық тексеруден өткізген дәрігерлер қант мөлшері, гемоглабин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтады. Содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.
Жастарға қан құю арқылы өзге адам өмірін құтқарып, науқас жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру, сондай-ақ донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау мақсатында ұйымдастырылған акцияда жастар қан орталығын безендіріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Қанға зәру науқастарға қолдау көрсетуді қолға алған ұйымдастырушылар алдағы уақытта да іс-шараны жалғастыруды жоспарлап отыр.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған