«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жекешелендірілмек

31 арна: «Азаматтарға жеңілдетілген несиемен баспана алуға мүмкіндік беріп келген қаржы институты — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биылдан қалмай жекешелендірілетін болды. Оны иемденуге жүздеген шетелдік инвестор қызығып отыр.

1 миллион салымшысы бар, ең арзан ипотека беріп, нарықтың төрттен үш бөлігін қамтып отырған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жекешелендіруге шыққанын естіп, 249 қаржылық ұйым ниет білдіріпті. Былтыр олардың ішінен 14-і іріктеліп алынып, қазір олармен тиісті шаралар жүргізіліп жатыр екен»,— деп хабарлайды.

«Бәйтерек» басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжіяқов: «Қазіргі кезде инвесторлар банкті кешенді түрде сараптау жұмысын бастап кетті. Бұл шараларды 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін бітіру жоспарланған. Соның нәтижесінде тамыз-қыркүйекте қызығушылық танытқан нақты инвестордың соңғы ұсынысын аламыз деп отырмыз. Барлық қаржылық жұмыстар 2018 жылдың соңына шейін аяқталмақ», — дейді  Ал кәсіпкерлерді қолдайтын «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев:

«Біз осыдан 2-3 жыл бұрын Үкіметке депутаттық сауал жолдап, онда:  «Не бұл банкті жабу керек, не оны жекешелендіру керек, себебі ол жекеменшік банктерге бәсеке болып отыр. Ол басқа банктермен тең жағдайда жекеменшік банк ретінде істей берсін»,— деген  талап қойғанбыз Егер «Бәйтерек» холдингі қазір осындай шешімге келсе, мен оны қолдаймын! Бұл дұрыс шешім. Біз дегенімізге жеттік»,— деп отыр қуанышын жасыра алмай. Алайда, Перуашевті әріптестерінің бәрі қолдамайды екен.

Тәжірибелі экономист, қазіргі мәжілісмен Омархан Өксікбаев: «Үкімет өкілдерінің «банктің негізгі акциясын сатпаймыз, сол арқылы басқарудан айрылмаймыз» дегені — ақылға қонымсыз. Ал ол жекеленсе, тағы қандай болады деген күмән туады. Бұл жерде ол банкітң түсімі де азаяды. Сондықтан мен оны жекешелендіруге қарсымын. Әрине, үкімет өз тарапынан: «жекешелендірсек, қосымша қаржы алдыртқан болар едік, мүмкін тағы да арзандатқан болар едік» деп айтып жатыр.

Бірақ, оған менің күмәнім бар»,— дейді. Қазіргі кезде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 4-5 пайыздық мөлшерлемемен баспана алуға несие беретін жалғыз қаржы ұйымы.