Т.Абыз: Еврей баласының аман қалғаны үшін мұсылман құрбан шалуы керек пе?
Өзін тәңіршілмін деп айтатын қазақстандық Тоқтар Абыз құрбан айт туралы өзінің тағы бір пікірін білдірді. Бұл жолы Тоқтар Абыз Құрбан айт мерекесі еврей ұлтының мейрамы деп мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Аврам қартайған шағында жалғыз ұлы дүниеге келеді. Атын Исаак деп қояды. Аврам ұлының өсіп келе жатқанына қатты қуанады. Бір күні Алла тағала «сүйікті ұлыңды алып мен айтқан жер бар»,- деп бұйырады. Аврам Алла тағаланың берген бұйрынғы бойынша ұлын алып айтқан жерге барады. Сонда Алла тағала жалғыз ұлыңды мен үшін құрбандыққа шал деп бұйрық береді. Исаакты құрбандыққа шалайын деп жатқанда періште келіп «Аврам балаңызды құрбандыққа шалмаңыз. Сіз құдайдан қорқады екенсіз»,- деп айтады Аврам бұны естіп баласын емес қойды құрбандыққа шалады». Осыған сүйене отырып Тоқтар Абыз былай деген болатын.
«Аврам еврей ұлтынан шыққан. Аврам баласы Исаакты құрбандыққа шалайын деген кезінде баласы аман қалған болатын. Қуаныш еврейдікі. Жылда жасалатын мереке солардікі болу керек. Байқап қарасаңыздар дәл осы исламның қолында бар Құран кітабындай кітап, Библя Інжіл басқалардың да қолында отыр. Ол кітаптардың ішінде дәл осы оқиға жазылған, бірақ христиандықтар, католиктер Исаак аман қалды деп ештеңе соймайды. Онда неге біз Исаактың қуанышына арнап құрбандық шалу керекпіз. Аман қалған басқа халықтың түб атасы. Түсіне алмаймын. Түсінгім де келмейді. Ақиқатында мыңғырған қойын, сиырын, түйесін сойып тастап, мұсылмандардың бәрін шақырып, бүкіл әлемді шақырып, араб халқы атап өту керек. Неге арабтар жасамайды? Неге әлемге жасатып қойды, оның ішінде қазаққа топырлатып мол сойғызып, мереке жасатып қойды. Қазақ ойланды ма? Өзінің ата-бабаларына мерейтойына мал жина десе, жылап жүріп жинайды. Ал Исаактың аман қалған қуанышына қазақ дүркіретіп той жасайды. Ешнәрсесін аяп жатқан жоқ. Түсінбеймін»- деді Тоқтар Абыз.
https://www.facebook.com/100007408214043/videos/2114251868831733/