ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ  ҚҰРЫЛДЫ

ҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітілген болатын.

Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңа – туристік полиция бөлімі құрылды.          Оны құрудағы мақсат – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін арттыру, өңірге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету.                                                                       Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5-і Қ.А.Яссауи кесенесінде болса, қалған 5-і Отырар ауданы Полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылды. Мамандар бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған.                                                           

Сонымен қатар, Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар,  туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген мамандар. Сондай-ақ, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамыз етуде қызмет жасауға дайын.           

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі