ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ 7 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ГАЗ ТАРТПАҚ

Түркістан облысы Сайрам ауданында елдімекендерді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2018 жылы  12 елді мекен газдандырылды. Осылайша, аудан аумағындағы 42 ауылдың 31-і өткен жылдың қорытындысымен толық көгілдір отынмен қамтылды. Яғни, қамту деңгейі 73,8  пайызды құрап отыр.

Биылғы жылы 7 елдімекенге газ тарту жоспарлануда және қамту деңгейі 90,4 пайызды құрамақ. Жалпы, аталған 42 елдімекеннің барлығы 2020 жылға толық газдандырылатын болады.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі