Төрткүлдегі көне шеберлер қалашығы
Облыс әкімдігі туризм басқармасының ұйымдастыруымен ортағасырлық Төрткүл сарай кешенінде «Көне Тараз шеберлерінің» қалашығы ашылды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шараның аясында қалашықтың есігі алты ай айқара ашық болмақ. Яғни әр аптаның демалыс күндері қала қонақтары мен тұрғындары этноауылды аралай алады. Бұл сөз жоқ, жамбылдықтар үшін теңдессіз тарту.