Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Республика күніне орай Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылында жоба құны 249,2 млн теңгені құрайтын 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Бұл ауданда соңғы жылдары салынып, ел игілігіне берілген үшінші – медициналық пункт. Одан бөлек, қазіргі уақытта Қорағаты станциясы мен Ақбұлақ ауылдарында да дәл осындай нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыста денсаулық сақтау ұйымдарының тозуын 40,3%-дан 39,0%-ға дейін төмендету үшін 26 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде — 20 нысан бой көтереді.

Бүгінде, 3 медициналық нысан халық игілігіне берілді.

Жамбыл облысының әкімдігі