Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА “ДОСТЫҚ ҮЙІ” ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Бүгін Республика күні қарсаңында Т.Рысқұлов ауданында “Достық үйі” ашылды.
Аудан әкімі Е.Есіркепов жаңадан тағайындалған кезінде мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу барысында осы “Достық үйін” ашу ұсынысы көтерілген болатын. Қысқа мерзімде бос тұрған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, салтанатты түрде табыс етті.
Мәдени ошақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов, этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Достық үйі – бұл қоғамда орныққан үйлесім мен берік бейбітшіліктің ұясы. Сондықтан оның ашылуы ауданда бейбітшілік пен келісімнің сақталуына ықпал ететін болады.
Бүгінде таңда ауданда 20 астам өзге ұлт өкілдері бір шаңырақ тұрып жатыр. Енді аудандағы 10 этномәдени бірлестік біріге отырып, өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрін жаңғыртып, елдің саяси өміріне де белсенді араласатын болады.
Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы