Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ МУРАЛ САЛЫНДЫ
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының жанашыры Тұрар Рысқұловтың муралы пайда болды.
Бұл арт-жоба Құлан ауылы Жібек жолы мен Ә.Тілепов көшелерінің қиылысында орналасқан «ҚазПошта» ғимаратының қасбетінде салынды.
Муралды салу үшін 2 күн жұмыс жасалды.
Арт-нысан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Құлан ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Аудан тұрғындары ғимарат қабырғасына сән беріп тұрған стрит-арт суретін қолдап, аудан мақтанышына айналатынына сенімді.
«Халқына пана болған, өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсаған, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз. Сондай нар тұлғаның атын еншілеген біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныш», — деп ойын айтты Құлан ауылының тұрғыны Азат Алиханов.