Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ҚЫСҚЫ МАЛ АЗЫҒЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бүгінде Т.Рысқұлов ауданында төрт түліктің саны өсіп, оның арқасында өңір тұрғындарының да әлеуеті артты. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, аудан тұрғындары қыс қамына кірісіп, шөп жинауды бастап кеткен. Осыған орай аудан басшысы Ерболат Садырқұлов қысқы мал азығының дайындығын өз көзімен көріп, шаруа қожалықтарын аралап, жұмыс барысын көрді.

Малды аман-есен қыстан алып шығу үшін Т.Рысқұлов ауданындағы шаруаларға шамамен 275 мың тоннадан астам мал азығын дайындау керек. Қазір оның жартысынан көбі жинақталды.

Жалпы, ауданда 2021 жылғы мал азығын дайындау  мамыр айының 27-нен басталып, 32143 гектар шабындық  алқапта жүруде.

32143 гектар шабындықтағы мал азығы дақылдарынан 12550 гектары жоңышқалық (оның 3500 гектары биылғы егілгені), 1151 гектары житняк, 600 гектары экспарцет, 17842 гектары табиғи шөп.

Бүгінгі күнге аудан бойынша орылған 32097 гектар алқаптың, 12550 гектар жоңышқалықтың І-ші орымының әр гектарынан орташа 38,5-40,0 ц/га. 1151 гектар житняктан 27,0 ц/га. 425 гектар экспарцеттен 30,0 ц/га. 800 гектар табиғи шөптен 20,0 ц/га. барлығы 166399 тонна өнім жиналып, биылғы жылға дайындалуға тиісті 231700 тонна тапсырманың 71,8 пайызы болып тұр.

Ауданда жылда шөп дайындауда берілген тапсырмалар асыра орындалып келді. Мысалы, 2019 жылы дайындалған шөп 204955 тонна (118 пайыз), 2020 жылы 205780 тонна (108,3 пайыз). Бүгінгі күнге ауыл округтерінен  жинақталған мәліметтің негізінде 57500 тоннаға жуық бұрынғы жылдардан қалған шөп мал азығына жарамды ретінде тіркеліп отыр.

Ауданда соңғы күндері жауған жауыннан, сонымен қатар, аудандағы 16 дана жаңбырлатып суару қондырғыларын тиімді пайдалану барысында шабылатын алқаптардан жиналатын шөп, егін орағы науқанынан дайындалатын 64400 тонна сабан, төменгі қыстаудағы құмнан дайындалатын шөптер, бұрынғы жылдардан қалған шөптер, 2021-2022 жылғы мал қыстату науқанында қажетті мал азығын дайындауға мүмкіндік бар.

Ауданда бүгінгі күнге шөп дайындау науқанында 16  бригада айналысуда. Құрамында 12 дана «Герман» шөп шалғысы, 8 дана шөп орағы, 19 дана шөп тайлағыш, 11 дана Кун-10, 12 дана трактор тіркемесі мен  21 дана автокөліктер қатысуда.

 

«Жаздың әр күні қысқа азық» демекші, төрт түлікті қаһарлы қыстан түгел алып шығу үшін жаздың әрбір күнін тиімді пайдалану қажет. Себебі, бұл — мал шаруашылығымен күн көретін ауыл тұрғындары үшін ең жауапты кезең. Сол себептен де, күннің ыстығына қарамай шаруалар шөптің басында.

Абай, Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтеріндегі шабындықтарында болған аудан басшысы қысқы мал азығын дайындап жатқан шаруашылықтардың жай-күйіне қанық болып қайтты. Шөп шығымы жылдағыдан төмендеу болғанымен, “қанағат еткеннің қарны тоятын” көлем бар.

Синхрон: Рахманқұл Еркебұлан – аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

Оператор: Ғалым Райымбаев