Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕРІ АРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА
Елімізде қуаңшылыққа байланысты тұңғыш рет төтенше жағдай жарияланып отыр. Көктемнен бері қуаңшылық жайлы да аз айтылған жоқ.
Т.Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары мен еріктілері жөнелткен үш вагоны Сыр халқын сергелдеңге салған Арал қаласының тұрғындарына қысқы мал азығын жеткізіліп, жәрдем етті.
Биылғы жаз еліміздің шаруалары үшін оңай соқпауда. Әсіресе еліміздің батыс, Қызылорда өңірлеріндегі шаруалар қуаңшылықтың зардабын тартуда. Жемшөптік тапшылығы қазақтың ата кәсібіне орасан зор зиян келтіріп отыр. Мал басын аман сақтап қалу үшін оларға жан-жақтан көмек жөнелтілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен құландықтар да Қызылорда облысының Арал ауданындағы жандарға көмек қолын создана.
Бұл игі бастамаға аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, ауылдық округ әкімдері де қолдау білдіріп отыр. Соның бірі дәлелі- ауданда бұған дейін де Ақыртөбе және Тереңөзек ауылдық округтерінің еріктілер мен тұрғындары да қысқы мал азғын жіберген болатын.
Бұған дейін жеткізілген мал азығы қуаңшылық қыспағында қалған Арал тұрғындарына, мұқтаж отбасыларға үлестіріп ген болатын.
Үйіндегі азын-аулақ малына азық алған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп жатыр.
Ер еңбекте, елдік қиындықта сыналады. Оны жеңетін ынтымақты іс, шынайы жанашырлық.
Ақыртөбе, Тереңөзек және Жаңатұрмыс ауылдарының еріктілері бастаған бұл игі істе бас аяғы 7 вагон қысқы мал азығын жіберген.
Аталған ауыл тұрғындарының айтуынша, бірі жиып қойған жоңышқасын, енді бірі шамасы келгеніне қарай көлігі мен қаржылай көмек қолдарын созған.
Мұндай бастамаға әсіресе жастар күш-қайратымен қолдау көрсетуде. Еріктілер сығымдалған шөпті егістік басынан автокөліктермен станияға жеткізу, оны вагондарға тиеу жұмысына білек сыбана кіріскен.
Арал қаласының тұрғындарына бас-аяғы 4500 түк жіберілген.
Еріктілердің айтуынша бір қазақ қиналғанда, бар қазақ көмектесуі керек. Себебі, қиындықты көп болып жеңеміз.