ТАҒДЫР ДЕЙМІЗ…

Уақыт тоқтап тұрмайды,
Бір қуаныш, бір қайғы.
Өзгертуге шама жоқ,
Тағдыр дейміз мұндайды.

Атқан оқтай зырлайды,
Өміріңді ұрлайды.
Жанын адам қимайды,
Тағдыр дейміз мұндайды.

Біреуге анау ұл қайғы,
Біреуде қыз тумайды.
Шүкір дерсің барына,
Тағдыр-ау дейміз мұндайды.

Байлығын біреу пұлдайды,
Кедейге қайыр қылмайды.
Өлгенде бәрі қалады,
Тағдыр дейміз мұндайды.

Шындықты жүре тыңдайды,
Сөзінде айтқан тұрмайды.
Көп асқанға бір тосқан,
Тағдыр дейміз мұндайды.

Алланың жолын қумайды,
Арақпен миын улайды.
Арам қатар бір күні,
Тағдыр дейді мұндайды.

Түссе де басқа мың қайғы,
Мәңгілік баста тұрмайды.
Толғауы тоқсан бұл өмір,
Тақтаусыз ары зырлайды…

Әділбек Қаба фб парақшасынан