ТАБАН ТІЛУ ЫРЫМЫ

Көне заманнан келе жатқан бала тапаған әйелдің «табаның тілу» ырымы бар.
Бала таппаған әйелді абысындары о дүниеге таза кетсін, бойындағы баламен шығатын қан кетсін деп, табанынан қан шығарған.
Қазақ бала таппайтын әйелді «пұшпағы қанамаған»деп айтады.Бала таппайтын әйелдің сыны бұзылмаған, мүсінің жоғалтпайтын сұлу болады. Қазақ оларға аяшылықпен сыртынан: «Құдай бір шикі өкпені аяған ғой»- деп мүсіркейді
Бірақ «Жатыры қанамағаннан жақсылық күтпе»- деп, оларды босанатын әйелдің жанына жақындатпайды, баланың кіңдігін кестірмейді, бесікке баланы салдыртпайды,жаңа түскен келінге шашу шаштырмайды.
Пұшпақ сөзі әйелдің жыныстық мүшесі
«әуретке» де келеді.
Мен 6 жастамын ауылда бір әйел қайтыс болды. Әкем мен апам сол үйге барып келді.Айтылған жоқтаудың зарлы үнінен мен қорқып, қара күпінің астында жылап жатқан едім.
Мені ұйықтап жатқан деп ойлаған болуы керек, өлген әйел
туралы әңгіме болды, апам сүйекке түсіпті.
Әкем апамнан: -табанына таңба салдыңдар ма?- деп сұрады.
Апам»Сол үшін сүйекке түстім мәйіттің табанынан қан шығардық, көп шыққан жоқ, бала таппағандықтан «арам қанымен» кетпесін деп, өз міңдетімді атқардым»- деді.
Әкем:»Сауапты іс жасапсын, Алла сормаңдайды көрмеген көшесінен ұялтпасын»- деп, құран оқыды.
Әкем «Табаным тіліңді» дегенде маған:
— Тіліңе ие бол, бос сөз сөйлеме — деп зекіп ұрсатын.Сол күннен бастап, жамандығы бар ол сөзді айтпайтын болдым.
«Табаның тіліңгір » деген ең жаман қарғыс.

РАЙХАН МАТАЙ