Табиғатым

Табиғатым, саған арнар әнім бар,

Айта алмаған, ақтаратын сырым бар.

Сен дегенде жүрек жырын толғайды?

Сұлулығың мені  сонша баурайды!..

 

Естен кетпес естеліктер тұр талай,

Қатар-қатар ұшып өткен тырнадай.

Сен дегенде жүрек аттай тулайды,

Көкіректе сенсіз сезім тумайды.

 

Көз алдымда  бүршік атқан гүлімдей,

Құлпырасың шабыт беріп бойыма.

Сайрағанын естігенде құстардың,

Жыр шумақтар оралады ойыма.

 

Көлің сұлу, мөлдіреген нұр бейнең,

Жұлдыздайсың оттай ыстық сезілген.

Қарағанда, па, шіркін, көз тоймайды!..

Жырлап кетсем, ет жүрегім езілген.

 

Табиғатым, құлпырып жайнай берші,

Тамылжып,  сыйқырлы әсем күйге енші.

Бұла сезім бойымда бұлқынады,

Ән-жырыма, өлеңге  шабыт берші.

 

Ардаққызы Жанаида,

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы,

№44 ЖОББМГ  10 сынып оқушысы