Тағайындау

ЖҮНІСБЕКОВ ӨНЕР БОЛАТХАНҰЛЫ
Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы
1977 жылы 7 қазанда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі жоғары.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «Сумен жабдықтау, суды әкету және су қорларын қорғау» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы “ПромХиммонтаж” АҚ-ның шебері болып бастаған.
2005-2006 жылдары “ПромХиммонтаж” АҚ 4 разрядтағы монтаждаушысы, 2006 жылы “Мойынқұм-су” КМК операторы, 2006-2012жылдары “Мойынқұм-Су” КМК инженері, 2012жылы “Мойынқұм сәулет” ЖШС бас инженері, 2012-2013 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының статисті, 2013-2015 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2016-2019 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Мойынқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2021 жылы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы, 2022 жылы Шу ауданы әкімі аппаратының мұрағатшысы, 2022-2023 жылдары Шу қаласы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, 2023-2024 жылдарыАқсүйек ауылы әкімі аппаратының бас маманықызметтерін атқарған.
2024 жылдың 05 тамызынан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.