ТАҒДЫР ЕРЕЖЕЛЕРІ…

Әр күн сайын оқы, ойлан және ақылмен жұмыс істе. Сенімнің әдемі қаруымен алға қарай жүр. Сені бақыт күтеді.
1. Барлық нәрсенің бастауы бос кеңістік. Соны толтыратын адам сенсің.
2. Қалаған нәрсеңе тек арманмен жете алмайсың, қалайда шешім шығару керек.
3. Өз жолыңды өзгерту үшін міндетті түрде тоқтап, бағытыңды өзгерту қажет болады
4. Өмірдегі барлық нәрсе ақылы. Ең қымбаты — қимылсыз тоқтап қалу. Бұл өмірдің соңына қарай айқын білінеді
5. Егер адам бірдемені теріс жасаудан немесе қателесуден қорқатын болса, демек, ол өзі де білмей өміріндегі ең үлкен қателік жасағаны болмақ.
6. Ұқсас заттар, ұқсас затты өзіне тартады. Өмірде кездейсоқтық болмайды. Егер айналаңа өзің тілеген адамдарды тарта алмаған болсаң, басқа адамдар жиналып тұрған болса, өзіңді өзгерт. Әйтпесе, сен сол өзің қаламайтын адамдар сияқты болып қаласың
7. Мақсатың нәтиже бермейтін сияқты болса, онда басқа кішігірім мақсатқа назар аудар. Оны орындасаң, үлкен мәселелерді шеше алатын күш-қуат пайда болады
8. Мақсатың мен арманыңды өмірден тілеп-сұрамасаң, өмір саған ештеңе бермейді. Егер белгісіз нәрсе қаласаң, белгісіз нәрсе аласың. Тілектеріңді нақты жеткізе білу керек
9. Өмірде абсолютті қанағаттану болмайды. Адам әлемді қалай қабылдағанымен шектеледі
10. Өзгерісті қалайсың ба? Әрекетсіздіктен тез арыл. Осы арқылы тағдырдың беретін мүмкіндіктерін жібермей ұстап аласың. Жететін жолыңды таңдап, баратын жеріңді анықтап, жолға шық
11. Өмір адамға шешуі қиын тапсырмалар береді. Жасырынбай, қашпай қазір шешпесең, мәселе ушығып кететінін ұмытпа
12. Өмірде әрқашан таңдаулар болады. Сонымен бірге шығындар да болады, бәрін де қабылдап үйрен
13. Ескі заттардың үйінділерінің үстіне жаңа заттар пайда болады. Сол үйінділерді тазалап үйрен.
14. Адам өз өмірін өзгерткісі келгенде, ескі әдеттер, үйреншікті дағдылардың қарсылығы өте күшті кедергі болады. Олар әрдайым ескі күйге қайта оралуға шақырады, сондықтан эмоционалды күш қажет
15. Біз бәріміз жақсы көретін нәрселерімізді, немесе күтіп жүрген нәрсемізді, немесе қорқып жүрген нәрселерімізді өмірімізге тартып кіргіземіз. Біздің санамыз осындайға қалыптасқан, ал тағдыр жомарт болғанымен, тілегеніңнен артық бере алмайды, сондықтан біз өз тілектеріміздің шектерін кеңейту арқылы көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.
16. Адамдар үйлесімді өмірді армандайды. Бұған жету үшін өзіңе ішкі үйлесімділікті жаса. Эмоцияларың мен әрекеттерің бірдей екендігіне көз жеткіз.
17. Өмір қарама-қарсылықтардан тұрады. Біреуді сүю, біреуді жек көру, біреуді табу-жоғалту, бас тарту, кездесу- ажырасу, кездестіру- жоғалту, достасу- бәсекелесу сияқты шексіз түсініксіз нәрселер үнемі бола береді
18. Әлем тек жақсылық беру үшін жаратылмаған. Біздің күткенімізге және тілегімізге сәйкес келмейтін көптеген нәрселерді береді. Сонда да тек жақсылықтар мен жақсы іс-әрекеттер жаса. Жақсылық жасамайтын адам жақсылықты бағаламайтындықтан оған жақсылық та келмейді
19. Адам өзінің жасырын табиғаты басқаларға ашылып қалса қатты ашуланады дейді. Басқалардың мінез-құлқы айнадағы бейне сияқты сол адамды бейнелейді, оны мұқият бақылау қажет
20. Бір нәрсені игеруге деген үлкен ниетің болса, өзіңнің қабілетіңді қайта бағала, өзіңізе жақсылап қара, сенде қалағаныңнан да үлкен нәрсе бар екенін білесің
21. Жағымсыз ойлардан арылу оңай емес. Бұл ойлар азаптап, әлсіретеді, шаршатады. Бір нәрсені таңдап, оған ғана көңіл бөлу арқылы жағымсыз ойлар тізбегін бұзасың
22. Өзіңді қалай болса солай қабылда. Сонда мазасыздық, толқу, уайым жоғалады
23. Біз өмір сүріп жатқан әлем толығымен бейтарап. Біз ғана оны жақсы және жаман етіп жасаймыз. Сондықтан шындықты жағымды түрде қабылдауға үйренсең, әлем бақытты әрі көңілді болады
24. Ешқашан айналаңдағы адамдардың пікірлері мен ойларын ақиқат деп қабылдама. Ешқашан оған байланып қалма. Бәріне жақсы көрінудің қажет емес, және мүмкін де емес. Ешқашан басқаларды басыңа шығарма. Онда әлем саған ренжиді
25. Біз бұл әлемге жоқтан келіп, белгісіз жаққа кетеміз. Қайдан келгенін, қайда баратынын ешкім де білмейді, демек осы жағдай өміріміз жақсы-жаман болса да, біздің тіршілігіміздің мәні болып табылады емес пе?!.